Тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын: елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Астанада түнде және таңертен тұман түседі, көктайғақ болады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде көктайғақ болады, облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Түркістан облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында екпіні 15-20 м/с болады.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында екпіні 18 м/с болады.
Қостанай облысының басым бөлігінде тұман, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында тұман болады. Облыстың басым бөлігінде жолдарда көктайғақ. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында 15-20, екпіні 23 м/с.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.