Елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды.
Атырау облысының солтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай, бұршақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының тауларында нөсер жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында, күндіз тау асуларында күші 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі бар.
Шымкентте найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел батыстан 9-14, күндіз оңтүстік-батыста, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады.
Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың таулы аудандарында кей уақытта тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батыс бағытқа ауысады облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік болады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15 м/с-ке дейін жетеді.
Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында тұман.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады.