Жаңалықтар тізбегі
0

27 қазанда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2023 23:11 Сурет: pxhere
Синоптиктер 27 қазанда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда нөсер жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол жауады. Облыстың таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында 15-20, екпіні 25 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түседі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні - 15-20 м/с. 

Атырау облысының шығысында, орталығында нөсер жаңбыр жауады. Таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. 

Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. 

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде көктайғақ, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. 

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с болады. 

Алматы облысының таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол жауады. Облыстың таулы, тау бөктеріндегі аудандарында кей уақытта тұман. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың оңтүстік жартысында екпіні 18-23 м/с болады.

Алматыда түнде және таңертең тұман түседі.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с-ке жетеді. 

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді. 

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман. Батыстан жел соғады облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында жауын-шашынды (жаңбыр, қар) болады. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: