Жаңалықтар тізбегі
0

Өскеменде дүкеннен жаңа жылдық шыршаны ұрлап кетті

Өскемен Сурет: Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті
Өскемендегі дүкендердің бірінің иесі "102" жедел арнасына жаңа жылдық шыршаның ұрланғаны туралы арызданған. Бейнебақылау камераларының арқасында полицейлер күдіктінің кім екенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өскеменнің бұрын сотталған 49 жастағы тұрғыны мас болған. Ол дүкеннің сөресінен өзіне қатты ұнайтын жасанды шыршаны көріп қалып, оны пәтеріне қою үшін алып кеткен.

Оқиға туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі "Дорожный контроль" парақшасында жарияланғаннан кейін белгілі болды, онда арызданған кісі Өскемен полиция басқармасы Ертіс полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілдеріне алғыс айтқан.

"Полиция қызметкерлеріне көп рақмет, олар менің шыршамды мұнша тез тауып алады деп ойламадым! Шынымды айтсам, тіпті үміттенбедім де! Рақмет!" - деп жазды облыс орталығының тұрғыны жазбаға.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі ("Ұрлық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: