Таразда жаңа жылдық шыршаны өртеген күдікті ұсталды

шырша, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.12.2023 11:47 Сурет: видео скрині
31 желтоқсанда сағат 08:30-да бейнебақылау камераларына саябақтағы жаңа жылдық шыршаны белгісіз адамның өртеп жатқаны түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері 56 жастағы ер адамды ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

ҚР ҚК-нің 202-бабымен ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру") сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Негізгі шырша "Көне Тараз" тарихи-мәдени кешенінің аумағында орналасқан.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: