Жаңалықтар тізбегі
0

Камеруннан cалық төлеуден жалтарған қазақстандық экстрадицияланды

экстрадиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.12.2023 13:24 Сурет: видео скрині
Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің Интерпол қызметкерлері Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Камерундағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулының көмегімен аталған африкалық елден Қазақстан азаматын экстрадициялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол 2017-2019 жылдары жалған счет-фактураларды пайдалану жолымен 720 млн теңге сомасынан астам салықтар төлеуден жалтарған деген күдікке ілінген.

Қылмысты жасағаннан кейін күдікті тергеуден жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған. 

Ол осы жылдың маусым айында Камерун Республикасының аумағында ұсталғандықтан, Бас прокуратура оны беру туралы сұрау жолдаған. Қазақстан мен Камерун арасында ұстап беру туралы шарттың болмауына қарамастан, камерун тарабы ол сұрауды қанағаттандырды. 

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Осындай қылмыс жасаған тұлғаларға 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: