Жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін күдікке ілінген Қазақстан азаматы Беларусиядан экстрадицияланды
Сурет: pexels
9 ақпан күні Қазақстан бас прокуратурасының қызметкерлері Интерполдың көмегімен Қазақстан азаматын Беларусь Республикасынан экстрадициялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қадағалаушы орган ұсынған мәлімет бойынша, ол Жамбыл облысындағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін күдікті деп танылды.
"Қылмыс жасағаннан кейін аталған тұлға қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта күдікті Қазақстанға әкелініп, қамауға алынды".ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Бас прокуратура Қазақстанның заңнамасына сәйкес жоғарыда аталған қылмыстар үшін 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін атап өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript