Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздікке байланысты 546 қылмыстық іс қозғалды

Ресми мәлімдеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2022 22:08 Сурет: Zakon.kz
ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz

Дәл осы мезетке дейін тергеу топтары 546 қылмыстық істі қозғап, тергеп жатыр, оның ішінде терроризм фактісі бойынша - 44, жаппай тәртіпсіздік бойынша - 34, адам өлтіру фактісі бойынша 15 іс бар.

Тергеу изоляторларына 672 күдікті жеткізілді, олардың 446-сы соттың санкциясымен ұсталды.

Құжаттарды тексергеннен кейін және ұстауға негіз болмағандықтан 100-ден астам адам босатылды.

Қазіргі уақытта прокуратураға құқық қорғау органдарының әрекетіне шағымданған 32 өтініш келіп түсті. Егер ел азаматтары өздерінің құқықтары бұзылған деп есептесе, онда "115" call-орталығына хабарласуды сұраймыз. ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: