Алматыда балконнан ер адамның үстіне қоршау құлап кетті
Сурет: pixabay
Алматыда үйлердің бірінің балконынан қоршау құлап, ер адам зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ер адам Желтоқсан көшесімен келе жатып, кенет балконнан оның үстіне темір қоршау құлап кеткен. Салдарынан аяғы сынған.
Алмалы аудандық полиция бөлімі оқиғаның 2023 жылдың 23 желтоқсанында тіркелгенін хабарлады.
"ПИК төрағасына қатысты Әкімшілік кодекстің 505-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды", - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер зардап шеккен азаматтың ПИК төрағасының үстінен сотқа шағым түсірмекші екенін хабарлады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript