Таразда полицей синтетикалық есірткі сатқан
Сурет: Zakon.kz
Таразда синтетикалық есірткі саудалаған полицей ұсталды. Шені жоғары қызметкерді Ұлттық қауіпсіздік комитеті арнайы операция кезінде қолға түсірген, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК телеарнасының хабарлауынша, үдікті қаладағы №2 полиция бөлімшесіне қарасты криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары болып шықты.
Майор шеніндегі тергеуші үш грамға жуық синтетикалық есірткіні 100 мың теңгеге сатып жатқан жерінен ұсталды. Есірткімен күресудің орнына, оны саудаға салған сақшыға қатысты тергеу жүріп жатыр.
"Есірткі затын өткізді деген күдікпен Тараз полиция басқармасы, криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілін ұстады. Аталған дерек бойынша жедел тергеу жүргізіліп жатыр". Тараз полиция департаментінің басшысының орынбасары Қанат Сматов
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript