Жаңалықтар тізбегі
0

Атыраудағы ауруханада бала вирустық инфекциядан қайтыс болды

жедел жәрдем, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2023 00:19 Сурет: Zakon.kz
Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде ауыр жіті вирустық инфекция мен пневмонияның асқынуынан 2023 жылы туған бала қайтыс болды. Қайғылы оқиға 2023 жылдың 23 желтоқсанында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нәресте ЖРВИ және "жіті бронхит" диагнозымен ауруханада алты күн емделгені белгілі болды. Содан кейін бала ауруханадан шыққанымен, бірақ екі күннен кейін оның жағдайы қайтадан нашарлап, жеке емханаға жеткізілді.

21 желтоқсанда баланың қызуы көтеріліп, қатты жөтелге байланысты қайтадан ауруханаға түсті, деп жазады "АқЖайық".

Дәрігерлер науқасты хаттама бойынша емдегенін айтып отыр. 23 желтоқсанда нәресте ауыр жіті вирустық инфекцияның және пневмонияның асқынуына байланысты жансақтау бөліміне жатқызылған. Дәрігерлердің баланы аман алып қалуға тырысқанымен, ол қайтыс болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: