Тоқаев жер қойнауын пайдалану бойынша заңға қол қойды
Сурет: Zakon.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жер қойнауын пайдалану бойынша заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану және экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген құжатта.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Еске салайық, бұған дейін Парламент 2023 жылғы 27 желтоқсанда жер қойнауын пайдалану мәселелері туралы заңды қабылдағаны хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript