Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда бүгін қайда барып демалуға болады – мерекелік іс-шаралар тізімі

Алматы, Жаңа жыл, мерекелік іс-шаралар, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2023 11:12 Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
2023 жыл да аяқталып барады. Алматы қаласының әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын күтіп тұрған мерекелік іс-шаралар кестесін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала әкімдігінің Instagram-дағы парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 30 желтоқсанда сағат 10-00-де Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында "Аяз атаның сиқырлы циркі" атты мерекелік ертеңгілік өтеді.

30 желтоқсанда сағат 10-00-де Наталья Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған мемлекеттік академиялық орыс театрының алдындағы алаң халық жиналатын танымал демалыс алаңына айналды. Күндіз театрда "Ертегілер әлеміндегі жаңа жылдық калейдоскоп" шоуы ұсынылған, ал кешкі уақытта мерекелік концерт театр алдындағы ашық алаңда өтеді.

30 желтоқсанда сағат 11-00-де В.Лермонтов атындағы театрда "Жалынды жүрек" қойылымы қойылады. Бұл - Х.Г.Андерсеннің шығармаларына негізделген жаңа ертегі, интерактивті қойылым.

30 желтоқсанда сағат 11-00-де "Жас сахна" театрында "Кішкентай сиқыршы Ириус" балалар қойылымы болады.

30 желтоқсан сағат 12-00-де Абай атындағы ҚҰОБТ-да "Щелкунчик" балеті болады.

30 желтоқсаннан 2 қаңтар аралығында Сезам қуыршақтар театрында "Айдаһарды қолға үйрету" аңа жылдық шоуы ұйымдастырылады (сағат 10-30, 13-00, 15-30).

30 желтоқсанда 18:00-ден 20:00-ге дейін "Алматы - 2024 жыл" қысқы жаңажылдық фестиваль аясында Кенжебек Жанәбілов, Мөлдір Әуелбекова, Өмірқұл Айниязов, Әлішер Қонысбаев, Райым Уайс, Абай Бегей, Асхат Тарғын, Altair & Abbi, Нұрмұхаммед Жақып, Мұхтар ханзада, Нұрсұлтан Нұрбердиев, Ақбота-Нұр, Жандос Қаржаубай, Жігер Ауыпбаев, Алтынбек Тәшімбетов және басқа да әртістер сахналарда өнер көрсетеді.

30 желтоқсанда 19-30-де Almaty Theatre сахнасында жаңа жылдық ертегілер балы болады.

30 желтоқсан 22-00-де Ever Jazz джаз клубында алматылық музыканттар джаз стиліндегі әндерді орындап, мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

Ал 31 желтоқсанда 20:00-ден бастап 00:00-ге дейін Астана алаңында Аybekman, Малика Yes, Диета KZ, Elizat, Парвиз Назаров, Индира Елемес, Қайрат Қапанов, Рано Умарова мен Әсел Таласан, Мәди Рымбаев, Ayafank, Нұржан Керменбаев, КешYou тобы, Шоқан, Луина, Tұрар,  "Alfa" тобы сынды эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. Жаңа жылдық шаралар Астана алаңындағы мерекелік отшашумен аяқталады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: