Еліміздің 6 өңірінде 15 жол учаскесі жабылды
Сурет: pixabay
30 желтоқсанда еліміздің 6 өңірінде республикалық маңызы бар жолдардың 15 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ мәліметінше, бұл учаскелерде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізілді. Атап айтқанда:
- Ақмола облысында – 5 учаске
- Жамбыл облысында – 1 учаске
- Жетісу облысында – 1 учаске
- Қарағанды облысында – 6 учаске
- Павлодар облысында – 1 учаске
- Ұлытау облысында – 1 учаске
"Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 252 бірлік техника және 429 жол қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", делінген хабарламада.
Айта кетсек, 29 желтоқсанда Көкшетау-Астана тас жолында қалып кеткен 200-ден астам адам пойызбен эвакуацияланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript