Қарағанды облысында 3,5 мыңға жуық адам ауа райына байланысты діттеген жеріне жете алмай қалды
Сурет: Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті
31 желтоқсан сағат 07:00-дегі жағдай бойынша fуа райы қолайсыздығына байланысты жолдарда 1 359 көлік тұр. 3 459 адам, оның ішінде 129 бала діттеген жеріне жете алмай қалды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы-Екатеринбург тас жолы бойында 3 мыңға жуық адамы (оның жүзге жуығы бала) бар 1 150 көлік жолда тұрып қалды.
30 желтоқсаннан 31-не қараған түні Ботақара-Баянауыл, Ботақара-Қарқаралы тас жолынан 110 адам (7 бала) құтқарылып, аудан орталығында жылы жерге орналастырылып, тамақ берілді.
Екі күн ішінде полиция қызметкерлері жолда қалған 17 мыңға жуық көлікті жақын маңдағы елд мекендерге жеткізді.
"Полиция департаменті көлік жүргізушілерден алыс жолға шықпай, ауа райының күрт өзгеруі бойынша келген хабарламаларға құлақ асуды сұрайды. Көмек керек болған жағдайда 102 телефонына қоңырау шалыңыздар".Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript