Жаңа жыл мейрамы қарсаңында тамақтан уланып қалмас үшін...

жаңа жылдық дастархан, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.12.2023 17:59 Сурет: pexels
Денсаулық сақтау министрлігі Жаңа жыл мейрамы қарсаңында тамақтан уланып қалмас үшін бірнеше кеңес берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келесі ережелерді сақтасаңыз, онда жаңа жылдық мәзір дәмді және пайдалы болады:

  • рұқсат етілмеген сауда орындарында, жеке тұлғалардан, әсіресе консервіленген көкөністерден, саңырауқұлақтардан, ет, балықтан (ысталған, кептірілген), алкоголь өнімдерінен және т. б. азық-түлік сатып алмау қажет;
  • сатып алудан бұрын жарамдылық мерзімін тексеріп, өнімнің сыртқы түрін бағалаңыз;
  • өнімді сату кезінде сақтау шарттарының сақталуына назар аударыңыз: тез бұзылатын тамақ өнімдері міндетті түрде тоңазытқышта сақталуға тиіс;
  • жеке гигиена ережелерін сақтаңыз, тамақ дайындауды бастамас бұрын қолыңызды сабынмен мұқият жуыңыз, шашыңызды жинаңыз;өнімдерді (әсіресе жемістер, көкөністер, шөптер, жұмыртқалар және т. б.) өңдеу және кесу алдында ағынды сумен жақсылап шайыңыз;
  • шикі және дайын өнімдерді кесу үшін бөлек таза кесу құралдары мен кескіш пышақтарды қолданған жөн;
  • салаттар мен дайын тағамдарға алдын-ала дайындама жасамау керек (мерекеден бір-екі күн бұрын).
  • тағамдарды ыдысқа салар кезде кесу керек;
  • тағамдарды тоңазытқышта сақтау кезінде тауарлық көршілік ережелерін сақтау керек  - дайын тағамдарды шикі өнімдермен немесе жартылай фабрикаттармен бірге сақтамаған жөн;
  • салаттарды аз мөлшерде дастарханға қояр алдында ғана дәмдеу керек, өйткені олардың жарамдылық мерзімі шектеулі;
  • жаңа дайындалған тағамды алдыңғы тамақтан кейін қалған өнімдермен араластырмаңыз. Тамақ өнімдерінің қалдықтары қолданар алдында термиялық өңдеуден өтуі керек (қайнатыңыз немесе қуырыңыз);
  • жарамдылық мерзімі өткен және тоңазытқыштан тыс сақталған өнімдерді (тез бұзылатын өнімдер, дайын салаттар, кремі бар кондитерлік өнімдер) жеуге болмайды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: