Түркістан облысы Созақ ауданында мереке түні 102-ге мүлде хабарлама түспеген

полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.01.2024 14:09 Сурет: видео скрині
Өткен тәулікте Түркістан облысы полиция департаменті Жедел басқару орталығының 1500-ге жуық бейнебақылау камералары арқылы визуалды бақылау жүргізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс аумағында 2023 жылдың 31 желтоқсаннан 2024 жылдың 1 қаңтарға дейін Түркістан облысы полициясының 1200-ден астам сақшысы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде тәулік бойы қызмет атқарды.

Облыс бойынша 102 жедел желісіне 232 хабарлама түсті. Ал 63 мыңнан астам тұрғыны бар Созақ ауданында қоғамдық тыныштық жоғары деңгейде сақталып, ешбір тұрғын қылмыс пен құқықбұзушылыққа бармаған нәтижесінде 102-ге мүлде хабарлама түспеген.

Облыста мереке түні оқыс оқиғасыз, адам шығынысыз тыныш өтті.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: