Қазақстандық кәсіпкер сібір жарасымен ластанған ет өнімдерін сатқан
Сурет: pxhere
Қазақстандық кәсіпкерге сібір жарасымен ластанған ет өнімдерін сатқаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Талас аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 425-б. 2-б. (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша жеке кәсіпкер С.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды." Талас аудандық сотының баспасөз қызметі
Сотпен анықталғандай, 2023 жылдың тамыз айында ет өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкер сібір жарасымен ластанған етті өткізіп, сол арқылы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптары, сондай –ақ гигиеналық нормативтерді бұзған, нәтижесінде адам денсаулығына зиян келтірген.
Сотта С. өз кінәсін толығымен мойындады.
"Сот қаулысымен кәсіпкер С. ӘҚБтК-нің 425-б. 2-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 млн. теңгеден астам сомада айыппұл салынды." Талас аудандық сотының баспасөз қызметі
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript