Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекеттік кеңесші ішкі саясат саласы бойынша кеңес өткізді

Ерлан Қарин, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.01.2024 18:05 Сурет: akorda.kz
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ішкі саясат саласы бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Жиынға Президент әкімшілігінің жауапты қызметкерлері және құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері, Мәдениет және ақпарат, Ғылым және жоғары білім, Оқу-ағарту, Туризм және спорт министрліктерінің, Қазақстан халқы ассамблеясының, Орталық коммуникациялар қызметінің және Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының басшылары қатысты.

Кеңес барысында Ерлан Қарин Мемлекет басшысының Egemen Qazaqstan газетінде жарық көрген сұхбатында айтылған басым бағыттарға сәйкес ішкі саясат саласында қызмет ететін құрылымдардың негізгі міндеттерін айқындады.

Мемлекеттік кеңесші Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысын ұйымдастыру және оны мазмұн тұрғысынан толықтыру, Наурыз мейрамын жаңа сипатта мерекелеу, Қазақстан тарихының жаңа академиялық жинағын әзірлеу жұмыстарын аяқтау, Дүниежүзілік көшпенділер ойынын өткізу, басқа да айтулы іс-шаралардың жай-жапсарын пысықтау мәселелеріне бөлек тоқталды.

Жиын соңында Ерлан Қарин құзырлы мемлекеттік органдарға ішкі саясат бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге, қоғамдық келісімді нығайтуға қатысты нақты тапсырмалар берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: