Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 шілде күні Астана қаласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Биыл бас қаламыздың құрылғанына 25 жыл толды. Астана ширек ғасыр ішінде заманауи ірі қалаға айналды. Осы ретте Президент көп жұмыс атқарылғанын атап өтті. Жетістіктеріміз аз емес.
"Елорда күн санап ұлғайып келе жатыр. Тұрғындар саны айтарлықтай көбейді. Алдағы жылдары қала халқының саны 1,5 миллионға жетеді деген болжам бар. Бұдан да көп болуы әбден мүмкін. Бірақ, қаланың бас жоспарында бұл жағдай толық ескерілмеген.Әрине, қаланың қарқынды дамығаны жақсы. Дегенмен, қазір осы үрдіс әлеуметтік инфрақұрылымға зор салмақ түсіріп отыр", – деді Мемлекет басшысы.
Ол әлі күнге дейін шешімін таппай келе жатқан мәселелер бар екенін атап өтті.
"Үкімет те, әкімдік те соның бәрін шешу үшін жұмыла жұмыс істеуі керек. Бұл жұмысқа қоғам өкілдерін тарту қажет".Қасым-Жомарт Тоқаев
"Мерейтой – қол жеткізген жетістіктер мен жарқын жеңістерге ғана емес, жіберілген қателіктер мен мүмкіндіктерге де назар аударатын маңызды белес" екенін атап өткен Мемлекет басшысы. жіберілген кемшіліктерден сабақ алып, тиісті қорытынды шығару маңызды екенін алға тартты.
"Қазір босаңситын және жетістіктерге тоқмейілситін уақыт емес. Бәсекеге толы күресте жетістігіне масаттанбай, өзін-өзі шыңдап, алға қадам басқандар жеңіске жетеді", – деді ол.
Астана – еліміздің іскерлік, саяси және мәдени орталығы. Еліміздің барлық аймақтары елордаға қарап бой түзейді, дамиды.
"Астана көптеген салада, соның ішінде азаматтардың өмір сүру сапасы бойынша да басқа қалаларға үлгі көрсетеді. Сондықтан, қаланың тұрақты дамуына кедергі болып жатқан түйткілдерді шешу үшін мемлекеттік органдар тиянақты жұмыс істеуі қажет", деп түйіндеді сөзін Президент.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript