Полиция жаңадан енгізілген ережеге байланысты жүргізушілерге ескерту жасады
Сурет: Zakon.kz
Елімізде 1 қаңтардан бастап газбен жүретін көліктерге арнайы белгі орнату міндеттемесі күшіне енді, яғни газ баллон жабдығы бар көліктерге GAS жазуы бар сары теңбүйірлі үшбұрыш белгісін қою қажет, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған стандарт ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденовтің бұйрығымен бекітілген Жол қозғалысы ережелерінде көрсетілген.
"Осы ретте Түркістан облысының полицейлері көлік жүргізушілерін тексеріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жапсырманы газ баллоны бар көлікті оңай анықтауға болатындай етіп, сонымен қатар жабық көлік тұрақтарының кіреберісіне де қойылуы қажет. Жаңа шара қауіпсіздік мақсатында енгізілген". ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі
Түркістан облысында 67 мыңнан астам көлік газ қондырғысымен жабдықталған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript