Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанның 15 өңірінде бұрқасын, жел күшейіп, көктайғақ болады

ауа райы Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері Қазақстанның 15 өңірінде бұрқасын мен жел күшейіп, көктайғақ болатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың тау асуларында екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде тұман, көктайғақ.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 23 метрге жетеді. 

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының батысында, шығысында жаяу бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 18 м/с болады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында тұман түседі.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде тұман, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с болады. 

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады күші 15-20, түнде екпіні 25 м/с болады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 18 м/с болады.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, тәулік бойы күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: