Жел, тұман, жаяу бұрқасын: Қазақстанның төрт өңірінде ауа райы қолайсыз болады

Аяз, қыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2022 18:24 Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМҚ синоптиктері 13-15 желтоқсан аралығында Қазақстанның төрт өңірінде ауа райы қолайсыз болатынын болжады, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 желтоқсанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні - 15-20 м/с.

Петропавлда 13 желтоқсанда түнде жаяу бұрқасын болады. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні - 15-20 м/с.

13-15 желтоқсанда Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с сақталады.

13 желтоқсанда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Тау асуларында жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда күші - 15-20 м/с.

Шымкентте 13 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістанда 13 желтоқсанда түнде және таңертең тұман болады.

13 желтоқсанда күндіз Ақтөбе облысының орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 18 м/с.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: