Талдықорған әкімдігі бітіп тұрған жұмысқа 160 миллион теңгені жұмсамақ болған
Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысының прокурорлары 160 млн теңге бюджет қаражатының негізсіз шығындалуына жол бермеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Талдықорған қаласының әкімдігі жобалау-сметалық құжаттамаға аулаларды абаттандыру бойынша басқа объектілерді салу кезінде жеке құрылыс салушылар орындаған инженерлік желілерді (жылу трассасы, кәріз жүйелері) жүргізу бойынша шығыстарды қосқаны анықталды". Жетісу облысының прокуратурасы
Қадағалау актісі бойынша жобалау құжаттарына көрсетілген сомалар мен жұмыстарды алып тастау арқылы түзетулер енгізілді.
Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript