Рудный тұрғыны полицейді қасақана қаққаны үшін жазаланды

Рудный тұрғыны полицейді қасақана қаққаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Жүргізуші билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот оған пробациялық бақылауды белгілей отырып, 2 жыл бас бостандығын шектеуді тағайындады.
22 желтоқсанда Рудный қаласында Toyota жүргізушісі "Мүгедектерге арналған тұраққа" көлігін қойған. Заң бұзушылықты байқаған патрульдік полиция қызметкері көлікке жақындап, жүргізушіге ескерту жасады. Ер адам агрессивті әрекет етіп, оқиға орнынан қашпақ болған.
Ол полиция қызметкерін көліктің капотында 50 метрдей сүйреп, содан кейін ол қашып кеткен.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript