Антикор "ҚазАвтоЖол" филиалы директорының орынбасарына қатысты тергеу басталғанын растады

Агенттік толығырақ ақпаратты кейін беруге уәде етті., сурет - Zakon.kz жаңалық 08.01.2024 09:34 Сурет: Zakon.kz
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы" АҚ Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасарына қатысты тергеудің басталғаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың 6 қаңтарында журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында "ҚазАвтоЖол" жергілікті филиалы басшыларының алғашқы қар жауған кездегі әрекетсіздігіне байланысты Тараздағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, сотқа дейінгі тергеу "Ұрлық" бабы бойынша жүргізілуде. Бұл ретте "ҚазАвтоЖол" қызметкерлері ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Кейін Жамбыл облысында "ҚазАвтоЖол" облыстық бөлімшесі директорының орынбасары Дәурен Тұлтаевтың пара алу кезінде ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.


"Сотқа дейінгі тергеудің басталғанын растаймыз", - деді 8 қаңтарда Zakon.kz тілшісіне "Антикор" баспасөз қызметі.

Агенттік толығырақ ақпаратты кейін беруге уәде етті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: