Тоқаев Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясына Қазақстан өкілін тағайындады
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Мақашұлы Жұманғарин "Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы" АҚ Басқарушылар кеңесінің Қазақстан Республикасынан мүшесі болып тағайындалсын", - делінген құжатта.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
2023 жылғы 7 қарашада мемлекет басшысы ЕАЭО-ға мүше елдердің экспорт-импорт байланыстарын дамытуға және өзара сауда-саттық және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал ететін Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы заңға қол қойды.
Өзара және сыртқы сауданы ынталандыру және Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) бірлескен кооперация жобаларын жүзеге асыру мақсаты болып табылатын Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы (ЕАЭО) жұмысын 2023 жылы бастады.
Оқи отырыңыз