Қостанай облысында белгісіз жыртқыш қойларды қырып кетті

Қостанай облысында белгісіз жыртқыш қойларды қырып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2024 14:37 Сурет: pixabay
Қостанай облысының Ұзынағаш ауылында белгісіз жыртқыш бір үйдің қорасына түсіп, қойларын қырып кетті.

Барлығы тоғыз ұсақ мал қырылған. Жаралылары да бар.

Жергілікті тұрғындар мұны ауылдағы қаңғыбас иттерден көріп отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Себебі бұл өңірден соңғы кездері ешкім түз тағысын байқамаған және малға қасқырдың тісі тигенге ұқсамайды.

"Күзден бері мұндай жағдай осымен үшінші рет болып отыр", - дейді ауыл әкімі.

Адамдар қазір күн батқанда көшеге шығуға да қауіптенетін болыпты.

"Қаңғыбас иттер бос жүрген ауылда бар. Үйді үйді аралап иттеріңе ие болыңдар, байлап ұстаңдар деп айтамыз. Аудандағы ветеринарларға хабарладық осы жағдайды. Бірақ олар "атуға рұқсат жоқ, ештеңе істей алмаймыз" дейді." Тілеуғабыл Дүйсенов, Қарақоға ауылдық окруігінің әкімі


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: