Павлодар облысының полицейі жоғалған мал мен боранда қалған адамдарды іздеп тапты
Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысының тұрғындары екі күннен бері қатты жел, көктайғақ, қардың қалың жаууы, жолдың жеткіліксіз көрінуі, – деген сипаттағы СМС-хабарламаларды алып жатыр.
7 қаңтардан бастап аймақтың бірнеше трассасы жабық күйінде қалады.
"Таңертең маған Шиқылдақ ауылының тұрғыны Қанапия Дүйсенбаев қоңырау шалды. Ол менен көмек сұрады, оның 30 бас қойы бораннан желмен ықтап жоғалып кеткен екен. Далада ештеңе көрінбеген, қатты жел соғып, көлік әр түрлі бағытта жүрді. Біз ауыл тұрғындарымен бірге іздеуге шықтық. Іздеу үш сағатқа созылды, нәтижесінде ауылдан 7 шақырым жерде қойлар табылды", – деді Екібастұз қаласы ПБ учаскелік полиция инспекторы Биканов Аян.
Қойды жаяу іздеп жүргенде учаскелік полиция қызметкері ішінде адамдары бар жеңіл көлікті көрді. Белгілі болғандай, Екібастұз тұрғындары балық аулауға шыққан екен, ал боран басталған кезде олар үйге қайтып оралмақшы болған, бірақ далада ештеңе көрінбегендіктен олар адасып, бір күн көлікте отырған.
"Досым екеуміз балық аулауға шықтық, қатты боран басталып, қайтып оралуға шешім қабылдадық, бірақ адасып кеттік, көлік қарлы боранға кептеліп қалды. Біз артқа да, алға да шыға алмай тұрып қалдық. Бір күн тұрдық, суықтан тоңып, қатып қалдық, шынымды айтсам, өмірмен қоштасуға дайын болдық, бірақ содан кейін біреу бізге қол бұлғап тұрғанын көрдік. Учаскелік полицей Аян бізді шығарып алып, елді мекенге жетуге көмектесті. Оған үлкен рақмет", – дейді құтқарылған қала тұрғындары.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript