Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада тұрғынға жеңілдетілген несиемен көлік алып беремін деп алдаған азамат анықталды

Елордада тұрғынға жеңілдетілген несиемен көлік алып беремін деп алдаған азамат анықталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2024 11:33 Сурет: Zakon.kz
33 жастағы елордалық азамат тұрғынға 1 миллион теңге көлемінде ақшаны иемденіп, жеңілдетілген бағдарлама бойынша несиеге жаңа көлік алуға көмектесемін деп уәде берген.

Ер адам алты ай бойы тұрғынды сендіріп келген. Арада біраз уақыт өткен соң жәбірленуші өзінің алданғанын түсініп, полицияға хабарласты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл аудандық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қылмысқа қатысы бар азаматты анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: