Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуі мүмкін

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуі мүмкін, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2024 12:41 Сурет: pixabay
Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуі мүмкін. Еліміздің Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен Корея Республикасы Еңбек және жұмыспен қамту министрлігі өкілдері онлайн-форматта келіссөз жүргізді.

Оның барысында тараптар Қазақстанды Оңтүстік Кореяның Имплоймент Пэмит Систем, яғни жұмысқа орналасуға рұқсат беру жүйесіне енгізу мәселесі талқыланған.

Бұл еліміздің азаматтарына Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмысқа орналасуға, сондай-ақ тең еңбек жағдайы мен құқығын қорғауға мүмкіндік береді, деп жазады qazaqstan.tv.

Сонымен бірге осы жүйе аясында Қазақстанда Кореяның дайындық орталығын ашу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқаны туралы да айтылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: