Қарағандыда өрт кезінде 14 адам құтқарылды
Сурет: видео скрині
13 қаңтарда 10 қабатты тұрғын үйдің электр бақылау жәшіктерінде 12 желілік метр электр сымының оқшаулағышы, сондай-ақ арба мен велосипедтің жанғыш бөліктері өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт бір сағаттан аз уақытта сөндірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері құтқару қалпақтарын қолданып, баспалдақпен 14 адамды құтқарды, оның 8-і - бала.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады:
- сөндірілмеген темекі мен сіріңкені қалдырмаңыз!
- электр құрылғылары мен желілерінің жұмысқа жарамдылығын қадағалаңыз!
- бірнеше электр құрылғысының бір желіге қоспаңыз!
- балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз!
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript