Төрт балкон отқа оранды: Павлодарда 162 адам эвакуацияланды
Сурет: pixabay
Павлодардағы Торайғыров көшесінде орналасқан тоғыз қабатты көп пәтерлі тұрғын үйде төрт балкон өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында өрт түскен сәттен бастап 34 минут ішінде сөндіріліп, оның таралуына жол берілмеді.
"ТЖМ күштері 162 адамды, оның ішінде 65 баланы эвакуациялады. 54 адам өз бетінше көшеге шықты", - деп хабарлады ведомство.
Зардап шеккендер бойынша 112 ақпарат түскен жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript