Жетісу облысында екі тәулікте қардан 39 адам құтқарылып эвакуацияланды
Сурет: видео скрині
12 және 13 қаңтар ауа райының қолайсыздығына, нашар көріну жағдайына байланысты республикалық маңызы бар "Үшарал-Достық" автожолында қарлы боранда 49 автокөлік, оның ішінде 42 жүк көлігі қар құрсауында қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТЖД күштерімен қар
құрсауынан Достық және Көктума станциясына 39 адам, оның ішінде 15 Беларусь Республикасының азаматы құтқарылды.
15 жүргізуші эвакуациядан бас тартып өз автокөліктерінде қалды.
Жүргізушілердің айтуынша, оларда апталық жанармай және азық-түлік қоры болған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript