Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысының атышулы тұрғынына іздеу жарияланды

Павлодар облысының атышулы тұрғыны іздеуге жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2024 14:46 Сурет: Instagram/serzhbrikulskii
Украинамен қақтығыс кезінде Ресейді қолдайтын жанжалды мәлімдемелерімен танымал Павлодар облысының тұрғыны Сергей Брикульскийге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталы хабарлады.

Павлодар облысының атышулы тұрғыны іздеуге жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2024 14:46

Сурет: qamqor.gov.kz

Белгілі болғандай, Сергей Брикульский 1975 жылы 5 шілдеде туған, Павлодар облысының тұрғыны, екі күннен бері іздеуде жүрген. Оған қатысты 2024 жылдың 13 қаңтарында Павлодар облысында іздеу ісі тіркелген. Бастамашы – сот, тінту жүргізетін орган – Ақтоғай аудандық полиция бөлімі.

Айта кетейік, Сергей Брикульский өзін Қазақстан Республикасында тіркелмеген "Ресей ұлттық патриоттық федеративтік қозғалысының" (РҰПФҚ) жетекшісі ретінде көрсетіп, қатты мәлімдемелер жасаған.

Мысалы, 2022 жылдың сәуірінде әлеуметтік желілерде Сергей Брикульскийдің (ол Қазақстан Республикасында тіркелмеген РҰПФҚ партиясының "әскери" киімінде болған) қатысуымен бейнеролик таратылды. Онда ол арнайы операцияға қолдау көрсететінін мәлімдеген (Ресейдің Украинадағы. – Ред.)" Оның мәлімдемесі наразылық дауылын тудырды. Кейінірек Сергей Брикульский өз мәлімдемесі үшін кешірім сұрап, өзінің этникалық украин екенін және "соғысқа және барлық әскери операцияларға қарсы" екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол бұдан былай белгісіз үлгідегі форманы кимейтініне және Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген партиялар туралы айтпайтынына уәде берді.

Кейін Сергей Брикульскийге қатысты қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды, ол 2023 жылдың желтоқсанында сотқа жіберілген.


"Сергей Александрович Брикульскийді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабының 2-бөлігінде ("Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру." – Редакцияның ескертуі) көзделген қылмысты жасады деп айыптаған қылмыстық іс назарға алынсын", – делінген Павлодар қаласының №2 сотының судьясы Ғабит Ахметов қол қойған қаулысында.

Басты сот отырысы 14 желтоқсанға белгіленген, ол ашық сотта өтуі керек еді. Бірақ, Павлодар қаласының №2 сотының тағы бір шешіміне сәйкес, Сергей Брикульский сот отырысына келмеді. 26 желтоқсанда оған іздеу жарияланған болатын.

"Сотталушы Сергей Александрович Брикульскийге іздеу жариялансын, Сергей Александрович Брикульскийге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалсын.Осы қаулының орындалуын қамтамасыз ету Павлодар облысының ІІД Ақтоғай аудандық полиция бөліміне жүктелсін.Сергей Александрович Брикульскийге қатысты қылмыстық іс оның іздестірілуіне байланысты тоқтатылды, қылмыстық іс Павлодар облысының прокурорына жіберілді", - делінген Павлодар қаласының №2 сотының қаулысында.

2024 жылдың 8 қаңтарында әлеуметтік желіде Қазақстаннан кетіп, Ресейде жүрген Сергей Брикульскиймен бірге видео пайда болды.

Қашқынның айтуынша, ол Украинаға арнайы әскери операцияға бармақшы. Сондай-ақ Сергей Брикульский "қылмыстық, фашистік режимнің заңдарын сақтамайтынын" және "Ресей Федерациясының заңы бойынша, содан кейін Ресей империясының заңдары бойынша" өмір сүргісі келетінін айтты.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174 бабының 2-бөлігіне сәйкес "Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру" бойынша белгілі бір лауазымдарды атқару немесе қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, Сергей Брикульский бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

2023 жылдың 29 қарашасында Қарағандыда "Вагнер" жеке әскери компаниясына қосылған Қазақстан азаматының сотталғаны хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: