Қарағанды облысында мал ұрлығымен айналысқан топ ұсталды

Заң бұзған адам жауапқа тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2024 15:06 Сурет: ҚР ІІМ
Өткен жылдың соңында Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының полиция басқармасына екі ауыл тұрғыны жүгініп, сарайларынан 12 қой мен жылқы ұрланғандығын айтқан.

Мал иелерінің әрқайсысына 600 мың теңге шығын келтірілген. Жедел әзірлеменің нәтижесінде полиция қызметкерлері мал ұрлығымен айналысқан топтың ізіне түсті.

19 бен 21 жас аралығындағы алты жігіт оңай олжа үшін осындай қылмысқа барған. Ұрланған түліктің етін сатып, түскен ақшаны өзара бөліскен. Күдіктілердің үйінен тәртіп сақшылары мал терісі мен бір тірі қойды тәркіледі. Төрт адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта топ мүшелерінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: