Көкшетауда түнгі клубта төбелес болды: полицейлер істі тергеп жатыр

клуб, төбелес, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2024 18:31 Сурет: polisia.kz
Көкшетау қаласының құқық қорғау органдарына медицина қызметкерлерінен ауруханаға түрлі жарақатпен 27 жастағы қыздың жеткізілгені туралы ақпарат түсті, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жәбірленушінің жергілікті клубта төбелес кезінде жарақат алғанын анықтады. Бұл факт бойынша полицейлер қыздардың бірі би билеп, екіншісін абайсызда итеріп жібергенін анықтады. Бір-біріне балағат сөз айтқан олар төбелеске дейін барған.

Бұзақылық фактісі бойынша полицейлер сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары 31 жастағы әйелді анықтады. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.


Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: