Жаңалықтар тізбегі
0

Үкіметте цифрлық сервистерді әзірлеу мәселесі талқыланды

Үкімет, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.01.2024 21:15 Сурет: primeminister.kz
Үкіметте азаматтар мен бизнеске арналған жасанды интеллект элементтері бар жаңа цифрлық сервистерді әзірлеу талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте азаматтардың өмір сүру сапасы мен бизнестің жағдайын жақсарту жөніндегі цифрлық бастамаларды іске асыру барысы қаралды.

Салалық ведомство басшысы Бағдат Мусин мемлекеттік органдар іске асырған бастамаларды бағалау нәтижелерін мәлімдеді. Талдау аясында халық тарапынан жобаларға деген сұраныс, олардың тиімділігі, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге қаншалықты бағытталғаны және т.б. ескерілді. Министр 2023 жылы 9 өмірлік жағдай бойынша 365 бизнес-процеске реинжиниринг жүргізілгенін, бұл тиісті мемлекеттік қызметтерді көрсету жылдамдығы мен олардың сапасының артуына септігін тигізетінін айтты.

Айта кету керек, бюрократиядан арылту және цифрландыру бойынша жұмысқа "Самұрық-Қазына" АҚ және "Бәйтерек" холдингі де тартылған.

Ғалымжан Қойшыбаев алдағы жылы қойылған міндеттерді барынша белсенді жүзеге асыру керектігін атап өтті. Сондай-ақ күрделі міндеттерді ведомствоаралық жұмыс топтары арқылы мүмкіндігінше қысқа мерзімде бірлесіп шешуді көздейтін Agile және "Акселерация" сияқты басқару құралдарын қолдану қажет.

"Мемлекет басшысы алдымызға маңызды стратегиялық міндет қойды – Қазақстанды IT-елге айналдыру. Цифрландыру саласында жетістіктеріміз бар: "электрондық үкіметті" дамыту индексі бойынша әлемдік көшбасшылар қатарындамыз. Алайда бізге мұнымен тоқтап қалмау керек, жасанды интеллект пен инновацияны қолдану және енгізуді қамтамасыз ету қажет", - деді ҚР Үкімет Аппаратының басшысы.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, онлайн-сервистерді жақсарту, сондай-ақ халыққа нақты және елеулі нәтижелер беретін жаңа бастамаларды әзірлеу жөнінде бірқатар тиісті тапсырмалар берілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: