Жаңалықтар тізбегі
0

Өзбекстанда АИ-80 маркалы бензинге тыйым салу ұсынылды

Өзбекстанда АИ-80 маркалы бензинге тыйым салу ұсынылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2024 16:42 Сурет: Zakon.kz
Өзбекстанда АИ-80 маркалы бензинді пайдалануға тыйым салынбақ. Сондай-ақ көмір мен мазут жағуды шектеу қолға алынып жатыр.

Мұның барлығы ауаның тазалығын қорғау мақсатында жасалған шаралар, деп жазады qazaqstan.tv

Экология министрлігі "Еуро-4" стандартынан төмен санаттағы АИ-80 маркалы бензинді қолданыстан алып тастауды ұсынып отыр. Жылу және электр станцияларының мазут пен көмірді жағуына да шектеу қойылуы мүмкін.

Қарбалас уақытта жүк көліктерінің қозғалысын азайту шаралары жан жақты қарастырылып жатыр. Көлік жүргізу ережесін "тақ және жұп" күндерге бөлу тәжірибе ретінде енгізілуі мүмкін. Мақсат атмосфераның ластануын тежеу.

Атмосфераны ластайтын көздерді қадағалау үшін арнайы бекеттердің жұмысы жанданып, қоршаған ортаны бақылайтын автоматты станциялар орнатылады. Кептелісті азайту және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ташкент қаласы аумағында жүк тасымалдауға арналған салмағы 3,5 және 12 тоннадан асатын ауыр көліктердің жүрісі шектеледі.

Есесіне, электромобильдерге көшкен азаматтар түрлі жеңілдіктерге ие болып, оларға субсидия беру көзделген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: