Жаңалықтар тізбегі
0

Алматының хайуанаттар бағында жануарлар қалай қыстап шығады

Алматының хайуанаттар бағында жануарлар қалай қыстап шығады, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2024 17:46 Сурет: Кәсіби жаңалықтар агенттігі
Жануарлар хайуанаттар бағына қайдан әкелінеді, олар суық мезгілді қалай өткереді және келушілер нені ескеруі қажет? Бұл туралы Алматының хайуанаттар бағында жасалған қысқы фоторепортаждан біле аласыздар.

Алматының хайуанаттар бағы еліміздегі ең көне зоологиялық бақтардың бірі болып табылады. 1937 жылы ашылған мекеме бірнеше ондаған гектар аумақты алып жатыр. Мұнда бірнеше жүздеген жануар бар, олар жеті секцияға бөлінген: жыртқыш сүтқоректілер, тұяқтылар, приматтар, жыртқыш құстар, экзотикалық құстар, экзотариум және аквариум.

Приматтар

Приматтарға маймылдар мен жартылай маймылдар жатады. "Приматтар" бөлімінің меңгерушісі Шолпан Әбдібекова Алматы хайуанаттар бағында 39 жылдан бойы жұмыс істеп келеді. Ол осы жануарларды бағып, бақылайды.

"Мұнда шимпанзе, ақ қолды гиббон, капуцин, шығыстық каллус, жапон макакасы, лангуст секілді жалпы 30 маймыл бар", – дейді ол.

Шолпан Әбдібекова Алматы зооветеринарлық институтын бітірген соң, хайуанаттар бағына мал дәрігері болып жұмысқа тұрған. Приматтарды, жыртқыш сүтқоректілерді қадағалаған. Ал үш жылдан кейін приматтар бөлімінің меңгерушісі болды.

"Әрине, бұл жануарлармен жылдар бойы қалыптасқан сенімді қарым-қатынасым бар. Кейде приматтар жасанды жолмен туылып, жасанды түрде азықтандырылады, осындай кездерде күтім жасау арқылы олармен байланыс орнатылады.


, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2024 17:46

Сурет: Кәсіби жаңалықтар агенттігі


Мысалы, мұнда Паша есімді шимпанзе тұрады, ол бізге Қазан зооботаникалық бағынан әкелінді, ал Лоланы Мәскеуден алып келдік. Ақ қолды гиббон Нидерландының, оның жұбы Жапонияның хайуанаттар бағынан әкелінді. Ол Жапонияда жасанды түрде өсірілген, сондықтан жасанды түрде туып, содан кейін оның баласы да жасанды жолмен азықтандырылды. Олардың барлымен жақын эмоционалды байланыстамын. Сіз оларға қалай қарсаңыз – олар да сізге сондай қарым-қатынас білдіреді", – дейді приматтар бөлімінің меңгерушісі.

Хайуанаттар бағының көптеген мекендеушілері сияқты, приматтар қысты жылытылған, жабық қоршауларда өткізеді. Келушілерге арналған фойе салқын болғанымен, әйнектің артындағы температура +25℃. Тамақтану рациондары әлемдік стандарттарға сәйкес, іс жүзінде жаздағыдан ерекшеленбейді және маймылдардың табиғатта жейтін қоректеріне барынша жақын.

"Ең жасы әлі бір жасқа толмаған. Ал ең кәрісі – осы жердің "ақсақалы" 30 жастағы ақ қолды гиббон.

Барлығының ішінен мен тек капуциндердің торына кірмеймін – бұл нағыз "баукеспелер". "Кариб теңізінің қарақшылары" фильміндегі маймыл есіңізде ме? Міне, осылар ғой.

Жануарлар хайуанаттар бағына көбісі ойлайтындай жабайы табиғаттан әкелінбейді, біз басқа хайуанаттар бағымен жұмыс істейміз, кейде цирктен жануарларды қабылдаймыз. Солардың бірі – Лола шимпанзесі, біз оны еркегімен жұптастыру үшін арнайы алдық, өйткені олар жалғыз өмір сүрмейді. 10 жас айырмашылығына қарамастан (Лола 22 жаста, ал еркегі 12 жаста), олар бір-бірімен жақсы тіл табысады, құшақтасады және бір-біріне қамқорлық жасайды.


, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2024 17:46

Сурет: Кәсіби жаңалықтар агенттігі


Лола циркте өскендіктен, ол топта қалай өмір сүру керектігін білмейді. Сондықтан біз теледидардан шимпанзелердің өмірі туралы бейнероликтер қосамыз. Олар бірге көріп, үйренеді", – дейді Шолпан Әбдібекова.

Маман приматтар бөлімінің барлық мекендеушілерімен өзара тығыз байланыста, барлығы ол үшін балалары секілді болып кеткен.

"Оларды өсіріп бастағанда, өте кішкентай еді. Қазір торларына кірсем болды, барлығы мойныма асыла кетеді", – дейді ол.

Шолпан келушілерді өздерін байсалды ұстауға, жануарларға қонаққа келгендерін ұмытпауға шақырады.

"Барлық жерде ескерту тақталары ілулі тұрғанына қарамастан, адамдар оларды елемейді. Кейде әйнекті қатты ұрып, сындыра жаздайды. Ойлану керек қой, біреу үйіңізге келіп, терезені солай қаққанын ұнатар ма едіңіз? Бұл жануарлардың үйі ғой", – деп түсіндіреді Шолпан Әбдібекова.

Кенгурулар

Кенгуру – қалталы сүтқоректілер тұқымдасына жататын жануарлар. Алматы хайуанаттар бағында кипер Ольга Апихтина кенгуруларға күтім жасайды.

"Жұмыс істеп жүргеніме алты ай ғана болса да, кенгурулар мені жақсы танып қалды және менен қорықпайды. Тіпті, кейбірі үнемі құшақтасқысы келеді. Бірақ олардың тырнақтары өте үлкен және өткір болғандықтан кейде қорқасың", – дейді Ольга.


, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2024 17:46

Сурет: Кәсіби жаңалықтар агенттігі

Кипер – жануарлардың азықтануына және күтіміне жауапты қызметкер. Ольга күнделікті кенгуруларды тамақтандырады және олардың барлық әдеттері мен сүйікті тағамдарын біледі.

"Қысқы рациондары жазғыдан айтарлықтай ерекшеленбейді. Жазда оларға қарағашты көбірек береміз, ал қазір талдың бұтақтарын көп жейді. Ботқа, картоп, қызылша, қырыққабатты жақсы көреді.

Мұнда барлығы үш түрлі он бір кенгуру мекендейді: сұр, сары және валлаби. Ең жасы жақында туылды, ол әрдайым анасының қалтасында жатады, өте сирек көрінеді. Ең ересегі – оның анасы", – дейді Ольга.

Кенгурулар өте белсенді, күні бойы қозғалып, үнемі секіріп жүреді. Анда-санда шаршаған кезде жатып, демалады. Суыққа аса төзімді емес, қазан айында алғашқы суық түскеннен бастап, күн жылығанға дейін арнайы жылытылған қоршауларда өмір сүреді.

Бегемоттар

Өткен жазда Алматы хайуанаттар бағында қуанышты жаңалық болды. Соңғы 18 жылда алғаш рет бегемот туылды.

"Мен хайуанаттар бағында 2006 жылдан бері жұмыс істеп келемін. 2018 жылы Франциядан Лотти атты бегемот әкелінді, онымен бірге осында тұратын Джумбо жұп құрды. Сөйтіп, бес жылдан кейін, 2023 жылы оларда Глория деп аталатын кішкентай бегемот дүниеге келді.

Қазір анасы 13, әкесі 16 жаста, жалпы, бегемоттардың өмір сүру ұзақтығы 40 жылға дейін жетуі мүмкін", – дейді Алматы хайуанаттар бағында қостұяқтылар бөлімінің меңгерушісі Балабек Махатов.

Ол ветеринар мамандығы бойынша білім алған, көп жылдан бері қостұяқтылармен жұмыс істеп келеді. Қостанайда, Қарағандыда қызмет етіп, кейін мал дәрігері болып хайуанаттар бағына ауысты.

Қыста бегемоттар жылы қоршауларда тұрады. Онда жылы су құйылатын бассейндер бар. Ол аптасына екі рет тазартылады. Қопалдау көрінетін түрлеріне қарамастан, бегемоттар жылдам әрі қауіпті жануарлар. Әсіресе, Лотти қазір өте қауіпті, өйткені ол баласын күзетеді, тіпті Джумбо олардан бөлек тұрады.


, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2024 17:46

Сурет: Кәсіби жаңалықтар агенттігі


"Джумбо тістерін тазалағанды ұнатады, бұған бұрынғы кипер үйреткен. Тісті тек бассейн қоршауының сыртынан тазалаймыз.

Олардың қысқы рационы жаздағыдан ерекшеленбейді: тек қыста сәл көбірек тамақ береміз. Бегемоттар шөпқоректі, күн сайын әрқайсысына 10 кг шөп, алма, сәбіз, қызылша, пияз, қоспа жем беріледі", – дейді Балабек Махатов.

Бегемот Африкада ең қауіпті жануарлардың бірі саналады. Балабектің айтуынша, олармен байланыста болғанда үнемі қырағылық таныту керек.

Құстар

Хайуанаттар бағындағы көлде мекендейтін аққулардан бөлек, қыс мезгілінде мұнда қаланың түкпір-түкпірінен үйректер мен көгершіндер ұшып келеді.

Құстар үнемі күннің астында болғанды ұнатады. Хайуанаттар бағының қызметкерлері күн сайын оларды азықтандырады. Осылайша, қыс мезгілінде хайуанаттар бағы қалада қыстап қалатын құстардың үйіне айналады.

Кәсіби жаңалықтар агенттігі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: