Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкент хайуанаттар бағында қарақу балапандары жұмыртқа жарып шықты

Қарақу, балапан, Шымкент, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2023 14:52 Сурет: pixabay
Шымкент хайуанаттар бағында қарақу жұбының балапандары жұмыртқаны жарып шықты. Бұл туралы аталған мекеменің Instagram парақшасында жазба жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біз көптен күткен қарақуларымыз екі ай бұрын 2 балапан басып шығарған болатын. Балапандар жұмыртқадан аман сау шығып, қазіргі таңда жағдайлары өте жақсы. Туылғаннан кейін балапандарды қарау өте қызықты болды. Олар өз ата-аналарының кішкентай көшірмелері. Туылған балапандарының түсі сұр болып, өсе келе қара түске айналады. Қарақулар да сондай адал құс. Ұяларын аталығы пен аналығы жасайды. Олар балапандарын бірге шығарып, балапандар ұяда бірнеше сағат қана күш жинап болған соң, ата-аналары оларды су тоғандарына шығарады". Шымкент хайуанаттар бағының баспасөз қызметі

Бұл құстар Аустралия аумағында және Тасмания аралдарында мекен етеді. Аустралиялықтардың ең сүйікті құстарының бірі саналады. Олар әртүрлі су қоймаларында, соның ішінде көлдерде, өзендерде өмір сүреді, су өсімдіктерімен, кейде жәндіктермен қоректенеді. Құстардың қанаттары күшті және жақсы ұшатынына қарамастан, олар қыста жылы жаққа қоныс аудармай, әдеттегі орындарында қыстайды.


"Көптеген адамдарды "Қарақулар мен Аққулардың айырмашылығы неде?" деген сұрақ қызықтырады. Аққулар мен қарақулардың негізгі айырмашылығы қауырсынының түсі мен сыртқы түрінде: аққулардың қауырсындары ақ, ал қарақулардың қауырсындары қара, тұмсықтары қанық қызыл тұмсығының ұшы ақшыл болып келеді. Оның атауын беретін осы түс айырмашылығы. Қарақулардың мойыны ұзын және иілгіш, жүзу кезінде жиі ұзарады. Қарақулардың қанаттарының астында ақ қауырсындары бар, оны қанаттарын қаққанда байқауға болады". Шымкент хайуанаттар бағының баспасөз қызметі

Жұмыртқаны жарып шыққан қарақу балапандарының видеосын мына арадан көре аласыздар.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: