"Бейіттің қасында келе жатырмын". Атырау облысынында 12 күн бұрын жоғалған адам әлі іздестіріліп жатыр

Атырау, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2024 15:11 Сурет: видео скрині
Атырау облысынында 12 күн бұрын жоғалған адам әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жылыой аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, 9 қаңтар күні 1985 жылы туған аудан тұрғыны осы уақытқа дейін үйіне оралмаған.

Іс-түссіз жоғалған адам 9 қаңтар күні сағат 22:30 шамасында "Коммунизм таңы жанындағы бейіттің қасында келе жатырмын, адасып кеттім" деп анасына хабарласқан, деп хабарлады AtyrauPress.

Қазіргі таңда аудандық полиция бөлімі төтенше жағдайлар департаменті және әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: