Павлодар облысында 8 жыл бұрын жұмбақ жағдайда жоғалған жігіт іздестіріліп жатыр

Павлодар облысында 8 жыл бұрын жұмбақ жағдайда жоғалған жігіт іздестіріліп жатыр. Марат Бегалинов 2017 жылы 30 маусымға қараған түні із-түзсіз кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Ол достарымен кездесуден кейін хабар-ошарсыз кеткен. Бір топ жас Ақсуда демалған, мүмкін ол сол жерде жанжал болғаннан кейін белгісіз бағытқа шығып кеткен. Сол күннен бері оралмады", - дейді Vita еріктілері.
Іздеушілер күн сайын Ақсуға барып, барлық жерде, тіпті жертөлелерде де іздестірген. Іздеу шараларына Мараттың туыстары мен достары да қатысты.
Оның табылатындығынан үміт үзбеген туыстары сенімді ақпарат үшін сыйақы ұсынуға дайын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript