Павлодар облысында 10 күн бұрын жоғалған екі баланың анасы табылды

Павлодар, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2024 10:35 Сурет: instagram/ti.pavlo
Павлодар облысы Ертіс ауданы Қызылжар ауылында орналасқан үйден Павлодарға жұмысқа шығып, 12 күн бойы хабарсыз кеткен 26 жастағы Диана Сағынтаеваны тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бәріңізге рақмет! Оны полиция қызметкерлері тапты, тірі", - деп жазды VITA іздеу тобының еріктілері Instagram-дағы парақшасында.

Екі баланың анасы осынша күн бойы қайда болғаны және неліктен жоғалып, байланысқа шықпағаны әзірше белгісіз.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысында екі баланың анасы іздестіріліп жатқанын жазған едік. 26 жастағы әйел 8 қаңтарда түскі уақытта Ертіс ауданы Қызылжар ауылынан таксимен Павлодарға кеткен.

Ол қаладағы ауа райының қолайсыздығына байланысты 21:00 шамасында такси жүргізушісінен Сәтбаев-Торайғыров қиылысындағы субұрқақтың жанына түсіріп кетуін өтінген. Оның әрі қарай қайда кеткенін ешкім көрмеген.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: