Жаңалықтар тізбегі
0

21 қаңтарда қай қалаларда қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ескерту жасалды

ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2024 11:00 Сурет: pixabay
Жексенбі, 21 қаңтарда Қазақстанның бірнеше қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты ескерту жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, бүгін Павлодарда, Өскеменде, Семейде, Риддерде, Шымкентте, Қарағандыда, Теміртауда және Астанада ауа ластанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық факторлардың қысқа мерзімді ерекше жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Мұндай ауа райы кезінде:

  • көшеде, әсіресе, тасжолдардың бойында жүруді азайту керек;
  • балалар мен жүкті әйелдер ұзақ уақыт серуендемегені жөн;
  • созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиямен ауыратын адамдар өздерімен бірге дәрі-дәрмегін алып жүруге тиіс;
  • таза ауадағы физикалық белсенділікті шектеңіз;
  • дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды жабық спорт кешендерінде өткізу керек.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: