Дана Нұржігіт марқұм күйеуі туралы жантебірентерлік жазба жариялады

Дана Нұржігіт, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2024 12:42 Сурет: видео скрині
Белгілі қазақстандық журналист Владимир Рерихтің бұрынғы әйелі Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында архив видеосы мен әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.


"Әлімнің әкесімен соңғы кездесуі екен… Володя, Владимир, Владимир Ахмадьянович Рерих бүгін Берлинде дүниеден озды…

1996 жылы 11 наурызда танысқан өзіңмен 2000 жылдан 15 жыл отастық. Ұлды болдық. Түсініспеген жерден мен Қазақстанда қалып, сен Германияға кеттің. Бірақ, сен менің тұлға болып қалыптасуыма, маман болып өсуіме, ана болып бала тәрбиесінде неге мән беру керектігіме зор ықпал еттің, ақылшым, сапалылық, даналық, ар, кәсібиліктің биік өлшемі болдың. Парасатың, білімің, шешендік өнерің, зиялылығың ерекше еді.

Желтоқсанда барамыз деп Берлинге билет алғаным жоспарлы сапар болған жоқ, қазан айында өзімнен өзім баланы саған апарғым келді. Соңғы кездесу боларын кім білген, Володя! Анаң Эмма Александровна, менің аяулы енемнің қасына кеттің… Балаң өзіңді көріп, биылғы туған күніңмен бірінші болып құттықтағаны соңғы рет екен ғой…

Мына дүниеден тыныштық таппаған,түсіністік таппаған жаның жәннәттан рахат тапсын! 

Кешір мені!" - деп жазды Дана Нұржігіт.

Еске салайық, бұған дейін "Хабар" ТРК бұрынғы бас директоры, белгілі қазақстандық журналист Владимир Рерих 66 жасында дүниеден өткенін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: