Семейдегі Бейбітшілік аралының тұрғындары су басу қаупіне байланысты эвакуацияланды

Абай облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2024 13:34 Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Түнде Бейбітшілік аралынан 11 адам (7 ересек, 3 бала) эвакуацияланды. Олар Семей қонақ үйіне орналастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, үй жануарлары қауіпсіз жерге жеткізілді. Эвакуацияланған адамдарға ыстық тамақ берілді. Қазіргі уақытта эвакуацияланған отбасылар үйіне қайтты.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Қазіргі уақытта су деңгейі төмендеп, тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Әр сағат сайын учаскелерді аралау (Бейбітшілік аралы, Д/М.Бобровка) және су деңгейіне мониторинг жүргізіледі. Су деңгейін өлшеу әр 2 сағат сайын жүргізіледі". Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

2024 жылғы 21 қаңтарда сағат 10:00-де Семейдегі Ертіс өзенінің су деңгейі 457 сантиметр болды.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті атқарушы орган және ҚР ТЖМ 68303 ә/б Бейбітшілік аралы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 21 қаңтарға қараған түні бөгет салып, өзен арнасына су бұру үшін жол төсемін ашу сияқты инженерлік жұмыстар жүргізді", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен өзен арнасына 5 850 текше метр су қайта жіберілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: