Алматы полициясы: Жер сілкінісі кезінде тонау оқиғасы болған жоқ
Сурет: Zakon.kz
Алматыда түнде болған жер сілкінісі кезінде көптеген азаматтар қорқып көшеге шығып, пәтерлерін қараусыз қалдырған кезде тонау әрекеті болған жоқ. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы полиция департаменті хабарлағандай, Алматыда жер сілкінісі сезілген 23 қаңтарға қараған түні қоғамдық тәртіпті айтарлықтай бұзусыз өтті. Мегаполисте жағдай тұрақты және бақылауда.
Жер сілкінісінен кейін Алматы жол полициясы бөлімшелері кезекшіліктің күшейтілген нұсқасына көшірілді. Қаладағы тәртіпті 2,5 мыңға жуық полиция қызметкері қамтамасыз етті.
"Түн салыстырмалы түрде тыныш болды. Қалада жағдайдың асқынуына жол берілмеді. Жол қауіпсіздігі өз деңгейінде қамтамасыз етілді. 102 желісі әдеттегідей жұмыс істеді: азаматтардан түскен қоңыраулар саны өскен жоқ", - деп атап өтті полиция.
Алғашқы дүмпулерден кейін көптеген алматылықтар үйлерін қараусыз қалдырып, пәтерлерін тастап, далаға шыққанымен, 23 қаңтарға қараған түні қала полициясы тонау фактісін тіркеген жоқ.
Бұған дейін алматылықтарға неліктен жер сілкінісі туралы СМС арқылы ескертілмегені белгілі болған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript