Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Алматыдағы жер сілкінісі туралы: Біз сабақ алып, қателермен жұмыс істеуіміз керек

Тоқаев Алматыдағы жер сілкінісі туралы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2024 15:48 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесінің нашар материалдық-техникалық жарақтандырылуын сынға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесін материалдық-техникалық тұрғыдан жарақтандыру деңгейінің төмендігін сынға алды. Бұл сейсмикалық мониторинг желісіне де, сондай-ақ құтқарушыларды заманауи құрал-жабдықтармен, техникамен және арнаулы киімдермен қамтамасыз ету ісіне де қатысты.

"Сейсмикалық бақылауды "Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы" ЖШС-не қарасты Алматы, Шымкент қалаларындағы және 12 облыстағы 70 сейсмологиялық станция жүргізеді. Оның алтауы істен шыққан. Мамандардың есебіне сәйкес бүкіл ел бойынша қосымша 285 сейсмологиялық станция орнату қажет. Жойқын жер сілкінісі кезінде мемлекеттік материалдық резервтің болуы және оның қолжетімділігі айрықша маңызды. Көлік байланысын жедел қалпына келтіру және медициналық көмек ұйымдастыру мүмкіндігі де шешуші рөл атқарады. Әкімдер Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, барлық елді мекеннің осыған қағаз жүзінде емес, іс жүзінде дайын екеніне көз жеткізуге тиіс. Осы жер сілкінісінен сабақ алып, жіберілген олқылықтарды түзету қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент құрылыс барысында сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі толық шешімін таппай отырғанын айтты. Мемлекет басшысының пікірінше, зілзала кезіндегі қауіпсіздік шараларын түбегейлі қайта қарау қажет.

2024 жылдың 23 қаңтарына қараған түні Алматыда жер сілкінісі болды. Алматы тұрғындары сезінген дүмпу бес баллға жетті. Шымкентте ауытқу екі баллды құрады. Кейін қазақстандық сейсмологтар Алматы маңында тағы бірнеше жер сілкінісін тіркеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: