Жер қойнауын пайдаланушылар мемлекетке 400 миллион теңге қарыз
![Жер қойнауын пайдалану саласындағы тексеріс нәтижелері туралы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2024 11:21](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2024-01-26/file-79b13226-a01f-4960-ba96-d3ced45f7eb9/400x225.webp)
Тексеру барысында, жекелеген жер қойнауын пайдаланушылардың (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге құқығы бар)
облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына аударымдар;
қазақстандық қызметкерлерді оқыту;
тарату қорын толықтыру;
қол қою бонусын төлеу сияқты келісімшарттық және лицензиялық міндеттемелерді орындамау фактілері анықталды.
"Берешектің жалпы сомасы 400 млн. теңгеден асты." Маңғыстау облысының прокуратурасы
Мысалы, жер қойнауын пайдаланушы "Д.А.Б." жүйелі түрде 4 жыл бойы (2019-2022 жж.) Маңғыстау облысының әлеуметтік–экономикалық дамуына жалпы сомасы 9 млн. теңгеге аударым жүргізбеген.
"Осыған ұқсас фактілер іс жүзінде барлық жер қойнауын пайдаланушыларда анықталды." Маңғыстау облысының прокуратурасы
Қабылданған прокурорлық қадағалау шараларымен бүгінгі таңда мемлекет кірісіне 50 млн теңгеден астам қаражат өндірілді, 7 жер қойнауын пайдаланушының кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге лицензиялары қайтарып алынды.
"Берешекті өндіріп алу жұмыстары, соның ішінде сот тәртібімен жалғасуда." Маңғыстау облысының прокуратурасы